
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарға сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Соңғы үш жылда:
30 387 адам оқудан өтті;
21 781 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Мемлекет оқу ақысын төлейді, шәкіртақы тағайындайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өту, жол жүру және тұру шығындарын өтейді.
Толығырақ бейнематериалымыздан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/DblQrpossEZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==







