ХАБАРЛАНДЫРУ Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!

    2026 жылдың 13 тамызында сағат 11.00-де Мақаншы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы белгіленіп отыр.

    Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.

    Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

    1. Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы

    «Мақаншы ауданы Ақшоқы, Мақаншы, Келдімұрат, Көктерек, Қаратал, Қабанбай ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 10:30-да өткізіледі.

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу уақыты 09.00.

    Мақаншы ауданы

    мәслихатының төрағасы Б.Биболов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары