«Заң мен тәртіп»: Тараз қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    «Заң мен тәртіп»: Тараз қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Әулиеата және Жібек жолы аудандары әкімдіктерімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар қоғамдық көлік жолаушылары мен жеңіл автокөлік жүргізушілеріне профилактикалық ескертулер жасалып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мұндай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары