
Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ мамандары Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, білім бөлімдеріне қарасты мектептерге әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезеңінде балалар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бағытында түсіндіру және кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың эмоционалдық саулығын нығайту, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету.
Әдістемелік және психологиялық қолдау жұмыстарын «Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Зайнуллақызы мен орталық психологтары Айдос Нұржауов, Арай Әсілбекова, Айдан Халмен, Салтанат Талғатқызы, Лаура Тазабекова жүргізді.
Мұндай жұмыстар өңірдегі білім беру ұйымдарына кәсіби қолдау көрсетіп, балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және ата-аналармен өзара байланысты күшейтуге бағытталған.








