Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды

    Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Ал Құрылтай сайлауы өтетін күні облыс бойынша 557 сайлау учаскесінде онлайн сервис тікелей қолжетімді болады. Әр учаскеге комиссияның 2 мүшесі бекітіліп, олар тіркеуіне күмәні бар азаматтардың мәліметтерін «электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде-ақ тексеруге мүмкіндік пайда болады.
    Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылуда. Сайлау күні азаматтардың өздерін тізімнен тексеруі үшін 557 онлайн-сервис, 22 шағын ХҚКО (мини-ЦОН), 18 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы әзірленді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары