
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарағанды облысының прокуратурасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысы туралы хабарлайды.
Егер сіз:
🔹 заңсыз тексерулерге;
🔹 кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға;
🔹 әкімшілік кедергілер мен заңсыз талаптарға;
🔹 мемлекеттік органдар тарапынан қысым көрсетуге тап болсаңыз —
Мобильді топқа жүгіне аласыз.
📞 Байланыс нөмірі: 8-775-85-86-816








