Тассуат және Далабай ауылдарын абаттандыру мәселесі талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Тассуат және Далабай ауылдарын абаттандыру мәселесі талқыланды

    2026 жылғы 10 тамызда Жарқайың аудандық мәслихатының бюджет саясаты және ауданның экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

    Отырыстың күн тәртібінде Тассуат және Далабай ауылдарын абаттандыруға бағытталған іс-шаралардың жүргізілу барысы туралы мәселе қаралды.

    Аталған мәселе бойынша Тассуат және Далабай ауылдарының әкімдері баяндама жасап, елді мекендерді абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылған іс-шаралар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

    Отырыс барысында ауылдардың санитарлық тазалығы, көркейтілуі, көшелерді абаттандыру, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

    Комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, ауылдарды абаттандыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру және анықталған мәселелерді шешу жөнінде тиісті ұсыныстар енгізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары