
Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратында «Жаңа Конституция – орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуындағы рөлін талқылау, конституциялық реформалардың құқықтық маңызын түсіндіру, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамда нығайтуға бағытталған бастамаларды кеңінен насихаттау болды.
Конференция барысында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар Конституцияның қағидаттарын тиімді іске асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамның барлық саласында орнықты түрде қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.








