«Полиция марафоны» өткізілді!

    «Полиция марафоны» өткізілді!

    Абай облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық бөлімшелерінің құрылуына орай полиция қызметкерлері арасында «Полиция марафоны» өткізілді.

    Спорттық шараға 100-ден астам полиция қызметкері қатысып, өздерінің дене дайындығы мен төзімділіктерін сынады.

    Марафонның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің дене дайындығын жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және қызметтік-жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру.

    Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жігері үшін алғыс білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары