Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Павлодар облысының Кәсіподақтар үйінде Құқықтық көмек апталығы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы азаматтарға еңбек қатынастарын растау, жалақының төленбеуі, кәсіптерді қоса атқару және қосымша жұмысты ресімдеу мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.









