Аудан әкімінің құрылысшылар күнімен құттықтауы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аудан әкімінің құрылысшылар күнімен құттықтауы

    Құрметті құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Құрылысшы – елдің өркендеуіне, өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосатын мәртебелі мамандық иесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құрылыс саласының ел экономикасы мен әлеуметтік дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, бұл бағытта сапалы әрі заманауи нысандар салудың, құрылыс қарқынын арттырудың маңыздылығына үнемі назар аударып келеді.
    Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, өндіріс орындары мен заманауи инфрақұрылым бой көтеріп, халқымыздың тұрмыс сапасы артып келеді. Бұл – ел игілігіне бағытталған қажырлы еңбектеріңіздің нақты нәтижесі.
    Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, әрбір қолға алған құрылыстарыңыз халық игілігіне қызмет ете берсін!
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары