Ақтауда жасыл желектерді суару жұмыстары тұрақты жүргізілуде

    Ақтауда жасыл желектерді суару жұмыстары тұрақты жүргізілуде

    Ақтау қаласында жасыл желектерді күтіп-ұстау бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Қала аумағындағы суару жұмыстары шағынаудандардың периметрлері, шағынаудандардың ішкі аумақтары және орталық көшелер бойынша ұйымдастырылған.

    Сонымен қатар, қаланың орталық көшелері, саябақтары, скверлері және суару жүйесімен қамтылған өзге де жасыл аймақтар орталықтандырылған суару жүйесі арқылы суарылады.

    Суару құбырлары жүргізілмеген аумақтарда жасыл желектер арнайы су тасымалдаушы техникалардың көмегімен суарылады. Аталған жұмыстарға күн сайын орта есеппен 30–35 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, суару жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес үздіксіз жүргізілуде.

    Ақтау қаласы әкімдігі қаладағы жасыл желектерді сақтау, олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау және қала аумағын көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары