«Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті

    «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті

    Жыланды ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

    Іс-шара аясында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ақпарат беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар қоғамда адалдық, жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары