2026 жылдың 6-7 тамызында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойды.
Келісімге сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген аға ғылыми қызметкер, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтары туралы құжаттар ұлттық тану рәсімдерінен өтпей-ақ өзара танылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасында берілген ғылыми атақтар туралы құжаттар ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында қосымша растау рәсімдерінен өтпей-ақ танылады. Сонымен қатар, Келісімнің ережелері ол күшіне енгенге дейін берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарға да қолданылады.
Келісімді іске асыру ЕАЭО ортақ еңбек нарығы шеңберінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етуге, жұмысқа орналасу кезіндегі әкімшілік рәсімдерді қысқартуға, сондай-ақ ғылыми атақтар туралы құжаттарды тануға байланысты азаматтардың уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 2 мамырда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім күшіне енгенін айта кету керек.
ЕАЭО шеңберінде ғылыми атақтар өзара танылады
Ұқсас материалдар

Қазақстандағы кәсіподақтар қатарында 2,9 миллионға жуық жұмысшы бар
ҚР ЕХӘҚМАшу
Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты
Астана қаласының әкімдігіАшу
ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіАшу
Астанада «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тіл саясаты комитетіАшу
Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР ІІМАшу
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары

Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады
ҚР СИМАшу
ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді
ҚР СИМАшу
Қазақстанның трансшекаралық хабтары сауда мен логистиканың жаңа орталықтарына айналуда
ҚР СИМАшу
Қазақстанда үшінші апта қатарынан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр
ҚР СИМАшуҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы
ҚР СИМАшу