
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидатын нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.








