
Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Отырыс барысында депутаттар қала аумағындағы сәулеттік келбетке нұқсан келтіріп тұрған нысандарды аралады. Көшпелі отырысқа Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, сондай-ақ полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.









