АСТАНАДА СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

    АСТАНАДА СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

    8 тамыз күні Астанада Спорт күніне арналған бұқаралық велошеру өтеді. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру мақсатында «Заң мен тәртіп»идеологиясы аясында ұйымдастырылады.

    Велошеруге қатысушыларды онлайн тіркеу 5 тамыз күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталып, белгіленген қатысушылар санына жеткенге дейін жалғасады. Қатысушылар саны 700 адамменшектелген.

    Тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері 8 тамыз күні сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін іс-шара өтетін жерде таратылады. Велошерудің басталуы сағат 09:00-де.

    Шара «Астана ормандары» жасыл белдеуінде Қосшы – Үркер бағыты бойынша өтеді. Қатысушылар 21 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

    Велошеруге қатысу тегін. Іс-шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ұтысқа қойылады.

    Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырады.

    Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын бұқаралық велошеруге белсене қатысуға шақырады. Белсенді өмір салтын таңдап, спорт мерекесін бірге атап өтейік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары