«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Аудан орталығы Шәуілдір ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
    Мониторинг барысында ауылдық округ аумағындағы көшелер, қоғамдық орындар, сауда нысандары мен кәсіпкерлік объектілерінің санитарлық жағдайы зерделенді. Рейдтік іс-шара кезінде тұрғындар мен кәсіпкерлерге айналаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға аумақтарды тұрақты түрде тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән беру қажеттігі ескертілді.
    Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ескертулер беріліп, оларды қысқа мерзімде жою тапсырылды. Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы бақылау және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары