
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қарақоңыр ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала және абаттандыру бағыттарында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
2026 жылы ауылдық округте жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңшалары мен жаяу жүргіншілер жолын салу секілді біршама ауқымды жұмыстар атқарылған.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жол, ауыз су, жарықтандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесуден кейін аудан әкімі 100 жасаған абыз қария, тыл ардагері Құдабаев Қарпысбайдың үйіне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен ардагердің иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.









