Бүгін, Департамент басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік әдепті нығайту және еңбек тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этика қағидаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын қатаң ұстану және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мен жауапкершілігі, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын күнделікті қызмет барысында сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, Депаратамент қызметкерлеріне Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, іскерлік әдеп пен мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге діни нанымдар туралы бейресми ақпарат таратпауға, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын-алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді қатаң ескертіп өтті.