
Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?: Таразда полицейлер тұрғындарды сауда орталығында қабылдады
🚔Жамбыл облысы Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Тараз қаласындағы Mart сауда орталығында тұрғындармен ашық кездесу өткізді.
✅Іс-шараға департаменттің барлық негізгі қызметтерінің өкілдері қатысты. Тұрғындар интернет-алаяқтық, жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, көші-қон заңнамасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар және өзге де мәселелер бойынша сала мамандарынан кеңес алып, өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
📲Кездесуде интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Полицейлер азаматтарға алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдерін түсіндіріп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге, белгісіз сілтемелерге өтпеуге шақырды.
📌Мұндай ашық форматтағы кездесулер полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.









