
Ағымдағы жылдың 6 тамызында Еңбекшіқазақ аудандық «Қоғамдық келісім және даму орталығының» ұйымдастыруымен Қайназар ауылының мәдениет үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты – отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Сонымен қатар қоғамдағы бейбітшілік, келісім және заң үстемдігі қағидаттарын насихаттауға ерекше назар аударылып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.








