
Алмалы ауданының Комьюнити-орталығында Аудандық жастар кеңесінің жұмысы аясында белсенді жастармен кездесу өтті. Іс-шараға Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек қатысты. Ашық диалог форматында қатысушылар «Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбын талқылады.
Кездесу барысында құқықтық мәдениетті дамыту, азаматтық жауапкершілікті нығайту және жастарды қоғамдық өмірге белсенді тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды.
Талқылаудың маңызды қорытындыларының бірі – жаңа әлеуметтік бағдарламаны іске қосу туралы шешім болды. Бағдарлама аясында жастар Алмалы ауданының қарт тұрғындарына тұрмыстық мәселелерді шешуде және үй шаруасына тұрақты түрде көмек көрсететін болады. Бұл бастама өзара қолдау мен еріктілік мәдениетін дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Сонымен қатар, қатысушылар бірқатар перспективалы жобаларды талқылады. Атап айтқанда, педагогтерді жасанды интеллект технологияларын қолдану негіздеріне оқыту, сондай-ақ аудан әкімдіктері жанынан қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыратын еріктілер ұйымдарын құру мәселелері көтерілді.
Кездесу қазіргі жастардың тың идеялар ұсынып қана қоймай, оларды нақты іске асыруға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай бастамалар азаматтық қоғамның нығаюына, еріктілер қозғалысының дамуына ықпал етіп, қаланың одан әрі өркендеуіне берік негіз қалайды.









