«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылына қарасты кәсіпкерлік нысандарының санитарлық тазалығы бойынша кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    Мониторинг барысында бірнеше кәсіпкерлік нысан сыртына қоқыс, құрылыс қалдықтарын тастау фактілері анықталып, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды.

    ⚠️ Ескерту!

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, соның ішінде қоқысты белгіленбеген орындарға тастау – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары