«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері және «Таза Мұнайлы» МКК өкілдерінің қатысуымен қоқыс қалдықтарын тасымалдайтын көлік құралдарына кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында қоқыс қалдықтарын тасымалдау талаптарын сақтамаған, атап айтқанда, көлік құралының жабындысы талапқа сай болмаған азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.




