«Тоғызқұмалақ: дәстүр мен даналық үндестігі» сайысы

    «Тоғызқұмалақ: дәстүр мен даналық үндестігі» сайысы

    Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде қызметкерлер арасында ұлттық зияткерлік ойынды дәріптеуге арналған «Тоғызқұмалақ: дәстүр мен даналық үндестігі» атты сайыс ұйымдастырылды.

    Сайыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылықты арттыру, қызметкерлердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту.

    Жарыс барысында қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, тартысты ойын үлгісін паш етті. Ұлттық ойынның терең мәні мен тәрбиелік маңызы кеңінен насихатталып, қатысушылар ерекше әсер алды.

    Іс-шара соңында сайыс көтеріңкі көңіл күйде өз мәресіне жетіп, белсенді қатысушылар марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары