
2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті РММ-нің еңбек саласын бақылау бөлімінің басшысы Қасенова Анар Бауыржанқызы және еңбек саласын бақылау бөлімінің бас маманы Есалиева Лейла Бурабекқызы Қобда ауданының мансап орталығы ұйымдастырған семинар жұмысына қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, жұмыскерлердің құқықтарын күшейту, оның ішінде олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ нақты еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда еңбек шарттарын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттармен заңсыз алмастыруға тыйым салу мәселелері түсіндірілді. Кездесу барысында сондай-ақ төмендегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді: Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕЖЕАБЖ) мәліметтерді енгізу тәртібі, сондай-ақ бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізбегені немесе оларды бұрмалап енгізгені үшін әкімшілік айыппұлдардың енгізілгені туралы түсіндірілді. Кәсіпорын бойынша ЕЖЕАБЖ жүйесінде еңбек шартының және міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) болмауына байланысты сәйкессіздіктер; Жұмыс берушілерге еңбек шарттары бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаларға ден қою тәртібі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуге қатысты міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұжымдық шартты жасасу тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; Квота талаптарының орындалу мәселесі. Департамент мамандары жұмыс берушілердің назарын балалар еңбегіне қатысты мәселелерге ерекше аударды. Балалар еңбегі заңнамамен қатаң реттеледі, ал еңбекке қабылдаудың жас ерекшеліктері, еңбек шартын жасасу тәртібі және қолданылатын тыйымдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде нақты белгіленген. Сонымен қатар, семинар барысында көтерілген маңызды мәселелердің бірі – жұмыс берушілердің қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеті болды. Осы талаптың маңыздылығы мен оны сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы төлеу және қоса атқарылатын жұмыс - жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы туралы сұрақтар талқыланды. Семинар соңында жұмыс берушілерге жеке қабылдау ұйымдастырылып, олардың еңбек заңнамасын қолдануға қатысты сұрақтарына жеке түсіндірмелер берілді.








