Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Округ мамандары тұрақты негізде халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде азаматтарға интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары, банк карталары мен электрондық төлемдерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ алаяқтық әрекеттер жасалған жағдайда іс-әрекеттер тәртібі түсіндіріледі.









