Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Қоғамдық медиаторларды сайлауға үміткерлерді іріктеу туралы хабарлайды. Медиатор медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне енгізілген және медиатор функциясын орындауға келісім берген тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес жеке тұлға бола алады. Медиатордың қызметі қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Медиатордың қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыра алады:
1) қырық жасқа толған және қоғамдық медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар. Медиатордың қызметі Кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Медиатордың қызметін жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Медиатор тұлға бола алмайды:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оған теңестірілген;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылады;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
Қоғамдық медиатор болып сайлау үшін құжаттарды Рузаев ауылдық округі әкімінің аппаратына келесі тәсілдердің бірімен жолдау қажет:
1) СҚО, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Рузаев ауылы, Рузаев к-сі, 123, индексі 150424 мекенжайы бойынша пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде
2) электрондық мекенжайға [email protected] Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысқысы келетін үміткерлер Рузаев ауылдық округі әкімінің аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекенжайы туралы мәліметтер;
4) байланыс деректері (пошталық және электрондық мекенжай не телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатор маманданған медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатор медиацияны жүзеге асыратын тіл туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және Психоневрологиялық ұйымнан медициналық анықтамалар; соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 150424, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Рузаев ауылы, Рузаев көшесі, 123 тел. 8 (71535) 31231 e mail: [email protected]
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







