2025 жылғы 16 тамыз: Айрақты баурайында ауқымды «Ақ Мая Fest» фестивалі өтті

    ·
    2025 жылғы 16 тамыз: Айрақты баурайында ауқымды «Ақ Мая Fest» фестивалі өтті

    2025 жылғы 16 тамызда Маңғыстау облысындағы Айрақты тауының баурайында ауқымды «Ақ Мая Fest» фестивалі өтті.

    Фестивальге 15 мыңға жуық қонақ жиналып, ұлттық дәстүр мен қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін мазмұнды бағдарламаға қатысты. Қонақтарға 6 мың литр шұбат ұсынылып, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар киіз үйлерде қолөнер мен ұлттық дәстүрлерге арналған шеберлік сабақтары өткізілді.

    Кешкі концертте Ерке Есмахан, Raim, Luina, Amre және Yenlik өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Музыкалық бағдарламаға оркестр, диджейлер және рэп орындаушылары да қатысты.

    Фестивальдің шарықтау шегінде 500-ден астам дронның қатысуымен ұйымдастырылған жарық шоуы өтіп, түнгі аспанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен ұлттық ою-өрнектер бейнеленді.

    «Ақ Мая Fest» ұлттық мәдениетті, дәстүрді және Маңғыстаудың туристік әлеуетін насихаттаған жарқын мәдени оқиға ретінде есте қалды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары