2025 жылғы 27–30 мамыр: Испанияның VIAJAR туристік журналы өкілдері Маңғыстау облысында ақпараттық баспасөз турында болды

    ·
    2025 жылғы 27–30 мамыр: Испанияның VIAJAR туристік журналы өкілдері Маңғыстау облысында ақпараттық баспасөз турында болды

    2025 жылғы 27–30 мамыр аралығында Маңғыстау облысының Туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Испания Корольдігінің беделді туристік басылымдарының бірі – VIAJAR журналының өкілдеріне арналған ақпараттық баспасөз турын ұйымдастырды. Басылым Prensa Ibérica медиахолдингінің құрамына кіреді.

    Делегация құрамында журналист Елена Беатрис Ортега Матеос пен халықаралық деңгейдегі фотограф Гонсало Мартинес Асуменди болды. Сапар барысында қонақтар Маңғыстау облысының туристік әлеуетімен, табиғи ландшафттарымен және тарихи-мәдени мұраларымен танысты.

    Бағдарлама аясында делегация Жығылған ойысын, Сұлтан-Эпе және Шақпақ ата некропольдерін, Қапамсай шатқалын, Торыш шарлар алқабын, Шопан ата, Бекет ата және Қараман ата жерасты мешіттерін, Бозжыра мен Қызылқұп табиғи ландшафттарын, сондай-ақ Ақтау қаласы мен Каспий теңізінің жағалауын аралады.

    Қонақтар өңірдің бірегей табиғатына, сакралды ескерткіштеріне, өзіндік сәулет ерекшеліктеріне және жергілікті халықтың қонақжайлылығына жоғары баға берді.

    Сапар қорытындысы бойынша VIAJAR журналының баспа және онлайн нұсқаларында Маңғыстау туралы фоторепортаж бен арнайы мақала жариялау жоспарлануда. Басылымның ай сайынғы аудиториясы 7,8 миллионнан астам қаралымды құрайды.

    Баспасөз турының негізгі мақсаты – Маңғыстау облысының халықаралық туристік имиджін нығайту және өңірді экологиялық әрі мәдени туризмнің тартымды бағыты ретінде әлемдік аудиторияға таныстыру.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары