Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада Батыс Қазақстан облысының құрамасы І орынға ие болып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Бұл жарқын жеңіске облыстық білім басқармасы ұжымының да қосқан үлесі зор. Команда құрамында басқарма басшысының орынбасарлары Мирболат Нұржанов пен Саягүл Галиева, басқарманың бас маманы Сымбат Бисекова , сондай-ақ Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев өңір намысын абыроймен қорғап, команданың жеңіске жетуіне өз үлестерін қосты.
Республикалық спартакиада – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық дода.
Өңір құрамасының республикалық деңгейде үздік атануы – команданың бірлігі, табандылығы мен жоғары дайындығының жарқын көрінісі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңістеріңіз еселеніп, алар асуларыңыз биік болсын!


