Қазақстандық оқушылар Гонконгте робототехника жарысында топ жарды

    Қазақстандық оқушылар халықаралық FIRST LEGO League Hong Kong Championship 2026 чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
    🌍 Биылғы чемпионатқа әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда, 900-ден астам оқушы қатысты. Халықаралық білім беру және робототехника саласындағы беделді алаңдардың біріне айналған жарыста Алматы қаласынан қатысқан екі команда жүлделі орындарға ие болды.
    🔖 PhysTech School Almaty мектебінің «PEAK» командасы чемпионаттың ең жоғары марапаттарының бірі – 1st Runner-Up атағын жеңіп алды. Сонымен қатар команда ең инновациялық көрме аймағы үшін берілетін Most Innovative Booth Award арнайы жүлдесімен марапатталды. Robot Game санатында 6-орын иеленіп, әлемнің үздік командаларының қатарына енді.
    🤝 Команда құрамында Бектемиров Ерасыл, Хегай Виктор, Орман Ануар, Пак Ильсон, Хайрулла Айкен және Стяжкина Тамина болды. Команданың жаттықтырушысы – Берікпол Мақсат Асқарұлы.
    🔖 Ал «Future Axions 218» командасы Invitational санатында 2nd Runner-Up нәтижесін көрсетіп, халықаралық командалар арасында екінші орынға ие болды.
    🤝 Команда құрамында №218 келешек мектебінің оқушылары Заманбек Ринат пен Қалиасқар Іңкәр, сондай-ақ №24 лицейдің оқушылары Тұрсын Медина Сәбитқызы мен Тұрсынбек Әдия Жанболатқызы өнер көрсетті. Команданың менторы – Қарағол Бақкелді Бегжанұлы.
    🤖 Қазақстандық оқушылардың халықаралық деңгейдегі бұл жетістігі елімізде STEM-білім беру мен робототехника бағытын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Бүгінде мектептерде робототехника кабинеттері ашылып, инженерлік және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары кеңінен енгізілуде.
    ❗️ Оқушылардың халықаралық жарыстардағы табыстары олардың жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық және инженерлік ойлау қабілеттерін айқындап, қазақстандық білім беру жүйесінің әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары