Абай облысында «Бейбітшілікті бірге бейнелейік» облыстық стрит-арт фестивалі өтті.

    Абай облысында «Бейбітшілікті бірге бейнелейік» облыстық стрит-арт фестивалі өтті.

    31 шілде күні Семей қаласында, сондай-ақ Абай облысының барлық қала-аудандарында балаларды, жастарды және өңір тұрғындарын бейбітшілік, өзара құрмет, қоғамдық келісім мен бірлік идеялары төңірегіне топтастырған «Бейбітшілікті бірге бейнелейік» облыстық стрит-арт фестивалі өтті.

    Фестиваль аясында 14–35 жас аралығындағы жастар арасында облыстық стрит-арт эскиздерінің байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынып, шығармашылық көзқарастары мен бейбітшілік пен қоғамдық келісім тақырыбындағы өзіндік идеяларын таныстырды. Ұсынылған эскиздер облыстық конкурстық комиссияның қарауына жолданды. Үздік жұмыстар алдағы уақытта облыстың қала-аудандарындағы арнайы белгіленген орындарда муралдар мен стрит-арт туындылары ретінде жүзеге асырылады.

    Фестиваль жастар арасында агрессияны, зорлық-зомбылықты, діни радикализм мен экстремизмді, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтарды қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ шығармашылық арқылы бейбітшілік, өзара құрмет, қоғамдық келісім және бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

    Сондай-ақ қала тұрғындарына әлеуметтік сауалнамалар мен діни радикализмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды

    Осындай іс-шаралар жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және қоғамда бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары