Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының шығып қалған сайлау комиссияларының орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды (округтік сайлау комиссиясы: №8 және №9, учаскелік сайлау комиссиялары: №502, 509, 510, 517, 524).
    Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:
    1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
    2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
    3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау Уәлиханов аудандық мәслихатында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
    Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85.
    Аудандық мәслихаттың төрағасы – Сәниев Сапар Қапарұлы.
    Материалдарды жинауға жауапты: Төлеубаева Айжан Егінбайқызы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, жұм. тел. 8(71542)21-237, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары