4 тамыз күні кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абайды оқимыз» атты іс-шара өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    4 тамыз күні кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абайды оқимыз» атты іс-шара өтті.

    Іс-шара барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның «Қара сөздерінің» он сегізінші сөзін оқып, адамгершілік, қарапайымдылық және рухани кемелдену туралы негізгі ойын талқылады. Ұлы ойшылдың бүгінгі күні де жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі маңыздылығы ерекше атап өтілді.

    Сонымен қатар іс-шара аясында Абайдың «Білмесең – үндеме» атты өлеңі оқылып, оның білімге құрметпен қарауға, сабырлылық пен парасаттылыққа үндейтін тәрбиелік мәні сөз болды.

    Іс-шара соңында оқырмандар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. Көрмеге қойылған кітаптар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, ұлы ақынның бай әдеби мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары