
Негізгі сенбілік алаңы ретінде Баум тоғайы белгіленді, сонымен қатар ауданның барлық аумағында санитария тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпы аудан бойынша сенбілікке 2000-ға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 95 текше метр қоқыс шығарылып, қоғамдық кеңістіктерде, жасыл аймақтарда және ауданның өзге де аумақтарында санитария тазалық жұмыстары жүргізілді.









