Ауданда серуендеп, тынығуға арналған тағы бір жайлы орын пайда болды

    Ауданда серуендеп, тынығуға арналған тағы бір жайлы орын пайда болды

    Аймауытов көшесінің Л. Толстой көшесінен Ғанибет көшесіне дейінгі аралығын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

    Мұнда тұрғындардың серуендеп, демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік жасалды. Аумағы көгалдандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары төселді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, заманауи жарықтандыру жүйесі жүргізілді.

    Әрине, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 2 200 түп бұта отырғызылып, 1,6 мың шаршы метрден астам жерге көгал төселді. Сонымен қатар автоматты суару жүйесі орнатылды.

    Бұдан бөлек, Аймауытов көшесінің Л. Толстой көшесінен Станкевич көшесіне дейінгі ұзындығы 470 метр болатын учаскесіндегі асфальт жабыны жаңартылды.

    Енді жаңарған бұл аумақ аудан тұрғындарының серуендеп, тынығуына арналған тағы бір жайлы әрі жасыл қоғамдық кеңістікке айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары