
03.08.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.И. Кунакбаева корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында департамент ұжымымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенімнің көрінісі. Осыған байланысты қызметтік әдеп қағидалары мен мінез-құлық нормаларын қатаң сақтау жөнінде жоғары талаптар қойылады.
Түсіндіру барысында ұжым назарына заңнамада мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін, оның ішінде тікелей лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты емес құқық бұзушылықтар үшін де тәртіптік жауаптылық көзделгені жеткізілді.









