
2025 жылғы 25 сәуірде Маңғыстау облысының Туризм басқармасының басшысы Е.Ибрашевтың төрағалығымен демалыс базаларын туристік маусымға дайындау бойынша жыл сайынғы отырыс өтті. Іс-шараға туристік сектордың 27 өкілі, оның ішінде Ақтау қаласының 21 демалыс базаларының өкілдері мен 6 мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде маңызды мәселелер көтерілді: ұялы байланыс сапасын жақсарту, бейнебақылау камераларын орнату, базаларда медициналық қызметкерлердің болуы және басқа да өзекті мәселелер.
Қатысушылар арасында — Полиция және Төтенше-жағдайлар департаменттері, жедел жәрдем қызметтерінің, әкімдік және басқа да негізгі ведомстволардың өкілдері қатысты. Барлық тараптар туристердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Маңғыстау облысы — экологиялық таза және белсенді туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие аймақ. Кездесудің қорытындылары тиімді өзара әрекеттесуді қалыптастыруға және туристер үшін сапалы әрі жайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өңірдің туристік әлеуетінің әрі қарай өсуіне ықпал етеді.









