
Степногорск қаласында қала маңы шағын ауданынан Ақсу өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба қала тұрғындары мен саяжай иелері үшін көптен күткен маңызды бастамалардың бірі болды. Аталған жолды жөндеу мәселесі ұзақ жылдар бойы көтеріліп келген болатын.
Жұмыстарды мердігер ұйым – «ARM CONSTRUCTION GROUP» ЖШС жүзеге асыруда. Жөнделетін жол учаскесінің жалпы ұзындығы шамамен 5 шақырымды құрайды, ал жол жүру бөлігінің ені 6 метрді құрайды.
Жол жабынының жаңартылуы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, саяжай алқаптарына қатынауды жақсартуға және автокөлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, көптен күткен мәселенің нақты шешімін тауып жатқанына ризашылықтарын білдіруде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған жол учаскесімен қатынау әлдеқайда қауіпсіз, жайлы әрі ыңғайлы болады.









