ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    ·
    ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    🔰Теміржол саласы – ел экономикасының күретамыры, өңірлердің өзара байланысын нығайтып, жүк пен жолаушылардың қауіпсіз әрі уақытылы қатынасын қамтамасыз ететін маңызды сала. Бұл жауапты қызметте еңбек етіп жүрген теміржолшылардың кәсібилігі мен адал еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.

    🔰Осы орайда, бүгін теміржол саласы қызметкерлері күніне орай, "Сарысу медиа" орталығының қызметкерлері сала мамандарын мерекемен құттықтады.
    Мерекелік шара барысында Жаңатас станциясының бастығы Төлегенов Нұрбек Асқанбекұлы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына және теміржол саласының өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай- ақ, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, мінсіз қызметімен ерекшеленген машинист Дүйсенбин Арман Бақытұлына аудан әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары