Аурудың болуы неге әрдайым мүгедектікті белгілеуге негіз бола бермейді

    ·
    Аурудың болуы неге әрдайым мүгедектікті белгілеуге негіз бола бермейді

    Көпшілік арасында егер адамға диагноз қойылса, оған міндетті түрде мүгедектік белгіленеді деген түсінік қалыптасқан. Алайда бұл дұрыс емес.

    Мүгедектік аурудың атауына қарай емес, аурудың адам өміріне қаншалықты әсер еткеніне қарай белгіленеді.

    Мысалы, екі адамда бірдей диагноз болуы мүмкін. Бірақ олардың денсаулық жағдайы әртүрлі болады. Бір адам өздігінен жүріп-тұрады, жұмыс істейді және өзін өзі күте алады. Ал екінші адамға күнделікті өмірде басқа адамның көмегі қажет болуы мүмкін. Сондықтан олардың медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы да әртүрлі болуы мүмкін.

    Медициналық-әлеуметтік сараптама кезінде мамандар тек диагнозға ғана қарамайды. Олар адамның өздігінен жүріп-тұру, өзіне-өзі қызмет көрсету, оқу, еңбек ету және күнделікті өмірдегі мүмкіндіктерін бағалайды.

    Сондықтан диагноздың болуы ғана мүгедектікті белгілеуге негіз болмайды.

    Әрбір жағдай медициналық құжаттар негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке қаралады.

    Егер мүгедектікті белгілеу тәртібі бойынша сұрақтар болса, медициналық ұйымға немесе Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментке келіп түсіндірме алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары