
2026жыл 29шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты.
Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылықты нығайту бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес:
🔹 мүдделер қақтығысын реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері қарастырылды;
🔹 ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардың қорытындылары тыңдалып, олардың тиімділігіне баға берілді;
🔹 мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралар талқыланып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Отырыс барысында мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тетіктерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.








