
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары объектілердің өкілдері арасында «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына ұсынылған өндірістік бақылау жөніндегі есептердің қорытындылары және Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың сервистік бағдарламалық өнімінде (бұдан әрі – СЭҚ СБӨ) туындайтын мәселелер тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында қатысушыларға СЭҚ СБӨ бағдарламасы таныстырылып, объектілердің өндірістік бақылау жөніндегі есептерін бағдарламаға енгізу тәртібі, деректерді дұрыс толтыру талаптары, есепті қалыптастыру кезінде жиі кездесетін қателіктер түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.









