Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы автожолдарға шулы жолақтар орнатылуда

    Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы автожолдарға шулы жолақтар орнатылуда

    Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің ұзақ жолда көлік басқару кезінде зейінін сақтауға ықпал ету мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп республикалық маңыздағы автожолдардың қауіпті учаскелеріне шулы жолақтар орнату жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі уақытта шулы жолақтар «Ақтау – Жетібай – Шетпе – Сайөтес – Бейнеу» республикалық автожолының 678–679 шақырымдарына, сондай-ақ «Бейнеу – Тәжен» республикалық автожолының 61 және 64 шақырымдарына орнатылды.

    Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Алдағы уақытта «Шетпе – Сайөтес – Бейнеу» автожолының тағы бес қауіпті учаскесіне шулы жолақтар орнату жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар, жүргізушілердің ұзақ сапар барысында тынығып, демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ақтау – Бейнеу» автожолы бойында 20-ға жуық демалыс орны мен шайхана қызмет көрсетуде.

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға, шаршаған немесе ұйқылы күйде көлік басқармауға шақырады. Ұзақ жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеріп, сапар барысында тұрақты түрде демалып отыру – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.

    Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі!

    https://www.instagram.com/reel/Dbh7eKWsHvQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары