Көкшетауда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және жұмыспен қамту мәселелері бойынша іс-шара өткізілді

    ·

    Көкшетау қаласы прокуратурасының қатысуымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың қатысуымен іс-шара өткізілді.

    Іс-шара бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік бейімдеу және құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, әлеуметтік қолдау шараларын алу тәртібі, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

    Іс-шараға Көкшетау қаласы Полиция басқармасының, Көкшетау қаласының пробация қызметі бөлімінің, Мансап орталығының және Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілдері қатысты.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары