Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында Қазақстан–Кения сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

    Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында Қазақстан–Кения сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

    Найроби, 2026 жылғы 30 шілде — 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында (Найроби) Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы таныстырылым өткізді.

    Өз сөзінде Елші кениялық бизнес-қоғамдастық өкілдерін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалармен, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлармен және еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларына ерекше назар аударылды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары