«Болашақпен диалог»: «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы жастармен кездесу

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Қала прокуратурасы №2 Оқушылар сарайының дарынды балаларға арналған лагерінде блогер Мансар Орынханның қатысуымен балалармен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында прокуратура әзірлеген «Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді.

    Балалармен ашық диалог ұйымдастырылып, заңға құрмет, құқықтық сана, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

    Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап берілді.



    Шымкент қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары