Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шығарылды.
Қылмыстық топ ұйымдастырушылары инвестициялық қор ретінде жасырынып, азаматтарға бағалы қағаздарға, қаржы құралдарына және басқа да активтерге инвестиция салуды ұсынған.
Сонымен қатар, Африка елдеріндегі алмаз өндіру жөніндегі халықаралық жобаға қатысып жатқанын мәлімдеген.
2018–2022 жылдар аралығында қылмыстық схемаға Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшы тартылған.
Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 9 млрд теңгеден асты.
Тергеу барысында салынған қаражаттың едәуір бөлігі компанияның есепшоттарына емес, ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылғаны анықталды.
Кейіннен бұл қаражат жеке мақсаттарға, оның ішінде құмар ойындарға, пәтерлер сатып алуға, жеке тұрғын үй салуға және өзге де қажеттіліктерге жұмсалған.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың сегіз мүшесін кінәлі деп танып, оларды 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Мемлекет кірісіне жеке тұрғын үй мен цифрлық активтер тәркіленді.
Сонымен қатар, азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың мүлкіне салынған тыйым сақталды.
Оның ішінде екі автокөлік, екі пәтер және жер учаскесі бар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Ұқсас материалдар

Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді
ҚР ЭМАшу
Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
Қарттар күніне орай жылы кездесу (01.10.2026)
Астана қаласының мәслихатыАшу
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен AI Governance 500 бағдарламасына Басқарма басшысы М. Кемелов қатысты.
"Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" КММАшу
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі" жаңалықтары

«Восточный» карьері: марганец кенін заңсыз өндірудің жолы кесілді
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу
Мал шаруашылығын дамыту жобасынан 60 млн теңге шығарылған
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу
ҚМА астықты сұр импортпен әкелу схемасының жолын кесті
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу
Дроповодтар өз шоттары арқылы 415 млн теңге аударған
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу
Ақтөбе облысында қауіпті қалдықтардан өндірілген пеш отынын сатуға жол берілмеді
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу